Жамбыл облысында екі оқушы бассейнге батып кетті

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
03.08.2023 11:47
1227
Қайғылы оқиға 2 тамызда сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысының Мерке ауылында болған. Ауылдағы «Big Family» бассейнінде 2010 және 2012 жылдары туған екі оқушы батып кетті.
Белгілі болғандай, балалар түскі уақыттан бері ата-анасының қарауынсыз шомылып жүрген.
Оқи отырыңыз:
- Каспий теңізінде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
- Түркістан облысында жасөспірім мазараттағы көктастарды бояп тастаған
Жергілікті Полиция департаменті балалардың өлімін растады.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды.
Бөлісу:
