Жаңалықтар

Жамбыл облысында биыл 15 спорт кешені пайдалануға беріледі

Жамбыл облысында биыл 15 спорт кешені пайдалануға беріледі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 14.05.2024 08:38 342

Жамбыл облысында 15 дене шынықтыру–сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оның 14-і биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Мәселен, Байзақ - 1, Жамбыл - 3, Жуалы - 3, Қордай - 1, Меркі - 2, Мойынқұм – 1, Т.Рысқұлов - 2, Талас ауданында 1 спорт нысанын салу жүзеге асуда.

Бұдан бөлек 29 шағын футбол, 66 балалар ойын, 26 заманауи спорт алаңдарын салу жоспарланып отыр. 

2023 жылы 23 спорт нысанның құрылысына 3,1 млрд теңге бөлініп, оның 10-ы пайдалануға берілген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға