Жамбыл облысында бірнеше бала жасөспірім қызды зорлаған
Фото: Depositphotos
Фото: Depositphotos
12.12.2024 15:26
589
Жамбыл облысының полициясы жас қызды зорлау ісін қарап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде бірнеше жасөспірімнің жас қызды зорлағаны туралы ақпарат пайда болды. Өңірдің полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Тергеу кәмелеттік жасқа толмаған үш күдіктіні анықтап, ұстады. Екеуі үй қамаққа алынды, үшіншісі басқа бір адамның кепілдігімен жіберілді. Қазір қылмыстық істі тергеу аяқталған. Тараптар қылмыстық іспен танысып жатыр, - делінген баспасөз хабарламасында.
Тараптар танысып болғаннан кейін іс прокуратураға, одан кейін сотқа жолданады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға