Жамбыл облысында бапкер 1987 жылы сотты болғаны үшін жұмыстан босатылды
Жамбыл облысының тұрғыны өзін жұмыстан заңсыз босатқаны үшін сотқа арызданды. Ер адам 20 жылдан астам уақыт бапкер болып жұмыс істеген, алайда оның 1987 жылы сотты болғаны тек биыл анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақбұлым ауылының тұрғыны 20 жылдан астам уақыт бокстан жаттықтырушы болып жұмыс атқарған және көптеген республикалық, халықаралық турнирлердің жеңімпаздарын тәрбиелеген. Дене шынықтыру және спорт басқармасының тапсырмасы бойынша қызметкерлердің тексеру жүргізуі кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 1987 жылы сотты болғаны анықталған (Қазақ КСР ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігі бойынша). Осыған байланысты ол 2024 жылы наурызда жұмыстан босатылған.
Жаттықтырушы спорт мектебінің үстінен жұмыстан босату, жұмысқа қайта алу және мәжбүрлі түрде жұмысқа келмеген уақытының жалақысын өндіру туралы бұйрықтың күшін жою туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.
Жамбыл аудандық соты істі қарап, мынаны көрсетті. 1987 жылғы Қазақ КСР Жоғарғы сотының шешімі, онда жаттықтырушының жасаған әрекетін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден (Қазақ КСР ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігі) қажетті қорғаныс шегі болған кезде келтірілген дене жарақатына қайта сараланған (Қазақ ССР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігі); талап қоюшы адам өлтіргені немесе денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін сотталғандар санатына жатпайды және қылмыстық қудалауға тартылмаған. Қазақ КСР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігінде іс-әрекеттің қасақаналығы көзделмегендіктен, жұмыстан босату негіздері жарамсыз болып табылады, - делінген Жамбыл облыстық аудандық сотының жауабында.
Осыған байланысты сот талап қоюды толығымен қанағаттандырып, жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды.
Талап қоюшының бұрынғы жұмысы қалпына келтіріліп, оның пайдасына мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыты үшін 781 мың теңге жалақысы өндірілді.
Шешім заңды күшіне енді.