Жамбыл облысында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
![Жамбыл облысында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді Жамбыл облысында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді](/storage/storage/element/2025/01/05/mainphoto/136544/1200xauto_kvkpvGPuPZLD36fvuLFTA1LDZWk2V9lx5ynlaaap.jpg)
Фото: qaj.kz
Фото: qaj.kz
05.01.2025 03:23
894
4 қаңтар күні кешкі сағат 23:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Жамбыл облысында барлық көлік түріне шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шектеу "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 159-238 шақырымында, яғни, Отар ауылы мен Қайнар ауылы аралығындағы учаскеге қатысты енгізілді.
Жол қозғалысын қайта ашу 5 қаңтар күнгі таңертеңгі сағат 08:00-ге жоспарланып отыр.
Мамандар жүргізушілерді және тұрғындарды жолға шығу алдында ауа райы болжамын назарға алуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Жаңа жылда алпыстан астам адам пиротехникадан зардап шекті
Келесі жаңалық
Былтыр елімізде қанша сәби дүниеге келген