Жаңалықтар

Жамбыл облысында аудандық деңгейде балабақшаларға ваучерлер беру басталды

Жамбыл облысында аудандық деңгейде балабақшаларға ваучерлер беру басталды
Фото: ortcom.kz 22.01.2025 09:40 109

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыруды енгізу процесі жаңа өңірлерді қамти отырып және мектеп жасына дейінгі балалар үшін қызметтердің қолжетімділігін жақсарту арқылы қарқын алуда. Жүйе Тараз, Шымкент, Түркістан, Астана және Орал қалаларында сәтті жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы – ваучерлік қаржыландыруды аудандық деңгейде енгізген алғашқы өңір. Бағдарлама Байзақ ауданында пилоттық режимде іске қосылып, мұнда 650-ден астам ваучер берілді. Айдың соңына дейін жүйе барлық ауданды қамтиды.

Жобаның маңызды жетістіктерінің бірі – балабақша орындарына «кезекке тұру» мәселесінің жойылуы, себебі ваучер алу кезегі тек алға жылжиды, бұл барлық отбасына тең жағдай туғызады. Тараз бен Түркістанда 2 жастан асқан балаларға арналған кезек толығымен жойылды, ал Шымкент пен Оралда кезекті азайту бойынша оң динамика байқалды.

Тараздың сәтті тәжірибесі маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік берді – ваучерлерді 1,5 жастан бастап беру қарастырылды. Бұл қадам мектепке дейінгі ерте білім алу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді және ата-аналарға балаларын білім беру ұйымдарында ертерек оқытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ваучерлік қаржыландырудың өңірлерде кеңеюі мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, ата-аналар мен білім беру ұйымдары үшін ашық әрі ыңғайлы жүйе қалыптастырады. Жаңа жүйе ата-аналарға балабақшаны таңдау еркіндігін береді әрі мекемелер арасында ауысуды ваучерді сақтап қалу арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Бұл білім беру мекемелерін өз қызметтерінің сапасын арттыруға ынталандырады.

Бизнес-процесстерді автоматтандыру және қағазбастылықтан бас тарту бағдарламаны басқаруды айтарлықтай жеңілдетіп, жүйенің ашықтығын толық қамтамасыз етті. Әр баланың «цифрлық портретін» жүргізу арқылы ваучерлердің қозғалысын бақылау және мемлекеттік қаржының мақсатсыз жұмсалуының алдын алу мүмкіндігі пайда болды.

Шымкент пен Таразда пилоттық жобаның енгізілуі бұл бастаманы кеңейтуге бағытталған маңызды қадамға айналды. Қазір бұл қалалар табысты тәжірибелермен бөлісіп, бағдарламаны басқа өңірлерде жылдам енгізуге қолдау көрсетуде. Сонымен қатар жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, жүйені халықтың нақты қажеттіліктеріне бейімдеу маңызды болып отыр.

Қаржыландырудың бұл моделі денсаулық сақтау немесе әлеуметтік көмек сияқты басқа әлеуметтік қолдау салаларында да бағдарлама ретінде қабылданып, мемлекеттік қаржының ашықтығын, тиімділігін және нақты мақсатты пайдалануын қамтамасыз етуі мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға