Жамбыл облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
03.02.2025 05:28
521
«ҚазАвтоЖол» «Мерке-Шу-Бұрылбайтал» автожолының бөлігінде 165-268 шақырымы аралығында көлік түрлерінің барлығы үшін жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылғы 3 ақпанда сағат 01:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Мерке-Шу-Бұрылбайтал» автожолының 165-268 шақырымы аралығында (Бірлік ауылынан Бұрылбайтал ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, - деп жазылған «ҚазАвтоЖол» АҚ таратқан ақпаратта.
Жол үшінші ақпан күні таңғы сағат 09:00-де ашылады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әзірбайжанның әлемге танымал балуаны спорттық мансабын аяқтады
Келесі жаңалық
Блогер «арызқойларға» шағымданамын деп сынның астында қалды