Жамбыл облысында 500-ден астам жүк көлігі тас жолдың бойында тұр

Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі
14.12.2023 19:21
881
Жамбыл облысында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты 500-ден астам жүк көлігі тас жолдардың бойында тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбылдық полицейлер автожолдардағы жағдай дұрысталып, қауіп сейілгенше азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуде. Тәртіп сақшылары жаураған жолаушыларға ыстық шәй мен нан таратып, жағдайды түсіндіруде. Алыс жолға шыққан көліктердің майы қатып, техникалары істен шығып, жолда бұзылып қалып жатыр, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілермен бірге болып, жағдайды бақылауда ұстайтын болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әрбір қазақ оқуы тиіс 100 кітап
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді