Жамбыл облысында 50 мыңдай вейп жойылды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
29.08.2023 09:44
926
ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті сот үкімін орындау аясында қомақты көлемдегі вейптерді жою жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрылғылардың жалпы саны 171 млн теңгеден астам сомаға 49,5 мыңнан астам бірлікті құрады.
Қазақстан Республикасының аумағына вейптердің заңсыз әкелінуіне және айналымына қарсы күрес аясында Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдауда, нәтижесінде биыл тек Жамбыл облысында осыған ұқсас 3 факті анықталды. Тәркіленген вейптердің жалпы саны шамамен 350 млн теңгеге жуық 175 мың дана болды, - делінген мәліметте.
Қылмыстық істер бойынша үкім шығарылғаннан кейін департамент аталған вейптерді жою шараларын қабылдайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға