Жаңалықтар

Жамбыл облысында 26 көліктің қатысуымен жол апаты болды

Жамбыл облысында 26 көліктің қатысуымен жол апаты болды
Фото: polisia.kz 31.01.2024 19:04 939

Жамбыл облысында қолайсыз ауа райының салдарынан 26 көліктің қатысуымен ЖКО болды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция қызметкерлерінің жол қозғалысы ережелерін сақтау, қолайсыз ауа райында жолға шықпау туралы бірнеше мәрте ескертулеріне қарамастан, жүргізушілер ережені бұзуды жалғастыруда: жылдамдықты асырып, қашықтықты сақтамайды, жазғы шиналармен жүреді, бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларына әкеп соғады. 2024 жылы 31 қаңтарда сағат 10:47-де Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының маңында Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының 567-шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, көрінудің шектелуі, боран) 26 автокөліктің (4 жолаушылар автобусы, 4 жүк көлігі және жеңіл көліктер) қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

ЖКО салдарынан қаза тапқандар жоқ. Б. Момышұлы ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен 25 адам жүгінді. Тараз қаласынан 593-тен 534 шақырымға дейінгі бағыттағы автожол екі жағынан да жабық. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда, оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға