Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі анықталды

Фото: t.me/knbgov_kz
Фото: t.me/knbgov_kz
30.06.2023 11:30
1056
Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сүйенсек, 28 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Меркі» теміржол өткізу пунктінде «Бішкек – Түрксіб» бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында 2 вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады.
Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген.
Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінен.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Меккеге қажылыққа барған 230 адам қайтыс болды – The Guardian
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті