Жаңалықтар

Жамбыл облысында 160 пәтер өз иесіне табысталды

Жамбыл облысында 160 пәтер өз иесіне табысталды
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 06.03.2025 03:36 399
Жамбыл облысында 160 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Баспанаға 2012-2015 жылдары аралығында кезекке тұрған көпбалалы аналар, толық емес отбасылар, ІІ топ мүгедектері, жетім балалар мен ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтар қол жеткізді. Олардың қатарында көпбалалы ана Мөлдір Шадманова да бар. 
Өз үйім – өлең төсегім» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Ұзақ жылдар бойы күткен пәтерімізге қол жеткізіп отырмыз. Осы орайда Мемлекет басшысына, игі іске атсалысқан азаматтарға отбасымның атынан алғыс білдіремін! Барша баспанаға мұқтаж отбасылар осындай бақыт бұйырсын, – дейді ол.
«Ұлы дала» шағынауданында орналасқан №26 үйдің жалпы ауданы 9 600 шаршы метрді құрайды. 160 пәтерлі (2 бөлмелі)  көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Aulet Stroy Taraz» ЖШС-сы жүргізген.
 
Ербол Қарашөкеев халықпен бірге үйлерді аралап, сапасын тексерді. Бұдан соң үйдің маңына 20 түп ағаш отырғызылды.
 
Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 765 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Ағымдағы жылы 2 390 пәтерлі 50 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі (2024 ж. - 1 159 пәтерлі 26 көпқабатты тұрғын тұрғын үй). Сонымен бірге тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 4,9 млрд. теңгеге 361 пәтер сатып алынады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға