Жамбыл облысында 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді
Калибрі 12 миллиметр МР-153 өздігінен оқталатын тегіс ұңғылы мылтық табылды
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
02.12.2022 12:26
1725
Тәркіленген қарулардың ішінде екі ұсақ калибрлі ТОЗ -16 және ТОЗ-8 мылтықтары, ИЖ-56 Белка қос ұңғылы шолақ аңшы мылтығы, 2 шолақ және 7 тегіс ұңғылы мылтық бар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, қала шетіндегі аумақтан полиция қызметкерлерімен зауыттық нөмірлері механикалық жолмен өшірілген оқ-дәрісіз, калибрі 12 миллиметр МР-153 өздігінен оқталатын тегіс ұңғылы мылтық табылды.
Сонымен қатар осы жылғы 29 қарашада Сарысу ауданының Ә.Бүркітбаев ауылынан 10 шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағында орналасқан сарайдан 5,6 калибрлі ТОЗ-16 мылтық, калибрлі ИЖ-18Е бір оқпанды аңшы мылтығы, 19 патрон және 58 гильза табылып, тәркіленді.
Бөлісу:
