Жаңалықтар

Жамбыл облысы прокурорлары 121 млн теңге көлеміндегі заңсыздықтың жолын кесті

Жамбыл  облысы прокурорлары 121 млн теңге көлеміндегі заңсыздықтың жолын кесті
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 19.10.2023 03:35 655

Тараз қаласы №2 сотының 16.10.2023 жылғы үкімімен Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы және бұрыңғы сектор меңгерушісі лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық прокуратурасына сілтеме жасап. 

Мемлекеттік қызметкерлердің қылмыстық әрекеттері Тараз қаласының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында анықталды.

Лауазымды тұлғалар 3,56 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін заңсыз тәркілеп, оны екі коммерциялық жалпы ауданы 3,56 гектар жер теліміне айырбастаған. Алайда мемлекет мүддесі үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаскені алып қоюдың қажеті жоқ болған. Сонымен қатар, жер телімдерінің бағасы тең емес болғанына қарамастан айырбастап, мемлекет мүдделеріне 121 млн. теңгеден астам сомаға залал келтіруге әкеп соқтырды.

Коммерциялық мақсаттағы екі учаскеде 14 шағын ауданда орналасқан және оларды аукционда сату жергілікті бюджетке табыс әкелетін еді. Бірақ мемлекеттің орнына жеке адамдар пайда тапты: яғни, ауданы 1,3 гектар болатын бір учаске автосалонға 93 млн теңгеге сатылған.

Осы дерек бойынша Тараз қаласының прокуратурасы 07.06.2022 ж. ҚР ҚК 361-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.

Сот жер қатынастары бөлімінің басшысын ҚР ҚК 361-бабының 3 - бөлігінің 4-тармағы, ал бұрыңғы сектор меңгерушісін ҚР ҚК 361-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы, 24-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оларға мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, екеуін де 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сот шешімімен жер учаскелері мемлекеттік қорға қайтарылды. Ал сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға