Жаңалықтар

Жамбыл облысы мен Ленинград ынтымақтастыққа қол қойды

Елдер арасындағы тауар айналымы артады деп ойлаймын. Бұл үшін екі тарапта да мүмкіндіктер жеткілікті.
Жамбыл облысы мен Ленинград ынтымақтастыққа қол қойды
Фото: дереккөз 16.09.2022 09:04 806

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапары аясында Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденкомен кездесті, деп хабарлайды EL.KZ әкімдікке сілтеме жасап.

Нұржан Нұржігітов жылы шырайда қарсы алған Ленинград облысының губернаторына ризашылығын жеткізіп, екі ел ғана емес, өңірлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың кеңейе түсетініне сенім білдірді.

2021 жылы Жамбыл облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы 263,2 миллион АҚШ долларын құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 40,3 пайызға артқан. Оның ішінде экспорт 45,1 пайызға өсіп, 76,3 миллион АҚШ долларын, импорт 38,4 пайызға өсіп, 186,9 миллион АҚШ долларын құраған. Ресейге экспортталатын негізгі тауарлар – минералды және химиялық тыңайтқыштар, бейорганикалық химия өнімдері, ферроқорытпалар, көкөністер. Ал, көрші елден жеткізілетін негізгі тауарлар қатарына қара металл бұйымдары мен тоқыма материалдары жатады.

Елдер арасындағы тауар айналымы артады деп ойлаймын. Бұл үшін екі тарапта да мүмкіндіктер жеткілікті. Өңіраралық деңгейдегі ынтымақтастықты да нығайта түсу маңызды. Біздің облыста көкөніс, жеміс-жидек, ет өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған. Жамбыл облысы екіжақты ынтымақтастыққа негізделген бағдарламаларды жүзеге асыруға мүдделі, - деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.

Кездесу қорытындысы бойынша сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалары бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға