Жаңалықтар

Жамбыл облысы: Алғыс айту мерекесі

Жамбыл облысы: Алғыс айту мерекесі
04.03.2019 06:35 4451

Жамбыл облысында 87 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында 73 этномәдени бірлестік белсенді түрде қызмет атқарып келеді. Олардың 26-сы облыстық, 47-сі аудандық болып саналады. Бұл этномәдени бірлестіктер Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында берілген тапсырмаларды  алға жылжыту, ұлтаралық бірлік пен үйлесімділікті нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, жастарда патриотизмдік рухты тәрбиелеу, этникалық дәстүрлер мен салт-ғұрыптарды насихаттау бойынша үлкен жұмыс атқаруда.

Облыста Алғыс айту күнін  мерекелеу 15 ақпаннан 4 наурызға дейін жалғасты. Бұл аралықта бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Тараз қалалық Достық үйінде 15 ақпаннан 1 наурызға дейінгі кезеңде жастар арасында «Қазақ халқына мың алғыс!» тақырыбында әлеуметтік желілерде алғыс айту шолулары өткізілді.

Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің «Біз – Қазақстан халқымыз!» тақырыбында ашық есік күнін өткізді. Достық үйінде «Туған жер» тақырыбында суретшілердің заманауи шығармалар көрмесі өтті. 

1 наурызда облыстың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен Достық үйінің ауласында «Қазақ халқына мың алғыс!» атты мерекелік театрлық бағдарламасы ұйымдастыырлды. Сонымен қатар, туған жер, туған ел, достық, татулық сынды тақырыпта әр этнос тілдерінде радиоконцерт, «Шашу», «Сыбаға», «Қымыз тарту» сияқты қазақтың жоралғыларын тамашалау - мұның бәрі этномәдени орталықтардың атсалысуымен ғана атқарылатын іс-шаралар. Облыс көлемі бойынша медиаторлардың қатысуымен ашық есік күні және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті оқытушыларының ұйымдастыруымен дайындалған ұлттық этникалық стильдегі киімдердің заманауи үлгісінде сән-дефиле көрсетілімі  ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға