Жаңалықтар

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры: қандай оқушыларға көмек көрсетілетіні айтылды

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры: қандай оқушыларға көмек көрсетілетіні айтылды
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 15.08.2023 05:15 2289

Алматыда «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 2023 жылы мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін бір балаға 43 мың теңге жұмсалады екен. Алматы қаласы білім басқармасының ақпараты бойынша, осы қордан ХӘОТ санатындағы (халықтың әлеуметтік осал топтары) 15 мыңнан астам оқушы көмек алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық әкімдігі «Жалпыға бірдей білім беру» қоры жергілікті бюджеттен қаржыландырылатынын еске салды. Осы қордан көмек алуға мына санаттағылар құқылы:

1)Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;

2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалар;

3) жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;

4) төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар;

5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.

Ата-ана, баланың заңды өкілі материалдық көмек алу үшін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді. Басқа жағдайларда-білім беру ұйымына растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Қаржылық және материалдық көмек алуға арналған тізім оқу жылы ішінде бір рет жасалады.

Жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын оқушылар «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен көмек ала алады. Биыл бұл акция ағымдағы жылдың 1 тамызында «Жақсылық жаса» девиізімен басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Мектепке жол» акциясына қатысу үшін оқу орны бойынша білім беру ұйымына өтініш беру қажет. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарына 500-ге жуық өтінім берілді. 

Демеушілер, меценаттар және балаларға көмек көрсеткісі келетін қаланың барлық қамқор тұрғындары аудандық білім бөлімдеріне сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін хабарласа алады.

Акция туралы қосымша ақпаратты келесі жедел желі телефондары арқылы білуге болады:

- Алатау ауданы бойынша: +7 708 970 50 42

- Алмалы ауданы бойынша: +7 702 725 33 63

- Әуезов ауданы бойынша: +7 702 327 36 69

- Бостандық ауданы бойынша: +7 777 280 66 50

- Жетісу ауданы бойынша: +7 708 935 94 98

- Медеу ауданы бойынша: +7 700 996 56 89

-  Наурызбай ауданы бойынша: +7 702 196 68 05

- Түрксіб ауданы бойынша: + 7 701 615 49 78

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға