Жалпы ішкі өнімнің өскеніне қарамастан, халықтың жағдайы жақсармай отыр - депутат
Мәжіліс депутапты Бейсенбаев бюджет саясаты бойынша елеулі сын-қатерлердің туындап тұрғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, ,юджет қаражатының басым бөлігі, яғни 92%-і міндетті шығыстарды жабуға бағытталған.
Бұл – елімізді дамытуға, яғни болашаққа салынатын инвестицияға небәрі 8-ақ пайыз ғана қалады деген сөз. Мұндай жағдайда серпінді даму, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру туралы сөз айтудың өзі артық.Екіншіден, бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан қаражат алу 2024 жылы ең шекті деңгейге жетті. Биыл бюджеттің кіріс бөлігі небәрі 13,1 трлн теңгені құрады. Яғни бюджетке 3 триллион теңге көлемінде жоспарланған салықтық түсімдер түспеді.Дұрыс жоспарламау салдарынан үш триллион теңгенің жетпеуі – салық және бюджеттік саясаттың күйрегені деген сөз емес пе?! , - деді депутат.
Ол Үкімет бюджетке нақты салықтық түсіммен қамтамасыз етілмеген кірісті салып отырғанын айтты.
Мұны біз Үкіметтің экономикалық блогының жеткілікті деңгейде жауапкершілік пен кәсібилік таныта алмауы деп есептейміз. Президентті ң қатаң ескертуіне қарамастан, Үкімет бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан 5,6 трлн теңге, бұған қоса, «Қазатомпром» арқылы тағы 1 триллион теңгені бюджет есебіне алды. Мұның барлығы – Ұлттық қордың қаражаты.Сонымен, биыл Ұлттық қордан 6,6 триллион, ал келесі жылы тағы 5,3 трлн теңге алынады. Бұл – шамамен 24 миллиард АҚШ долларына пара-пар. Ол – жалпы Ұлттық қор көлемінің үштен біріне тең сома. Мұның соңы қордағы активтердің азаюына ұшыратады, - деді ол.
Мәжілісмен Ұлттық қорға арқа сүйеудің де шегі барын жектізді.
Экономикалық өсімге, яғни Жалпы ішкі өнімнің былтыр 5,3%-ке, биыл 4%-ке өскеніне қарамастан, халықтың жағдайы жақсармай отыр. Экономика өсуде, ал халықтың кірісі өспей тұр. Дамыған елдерде Жалпы ішкі өнімнің 4%-ке өсуі дереу халықтың әл-ауқатының артуына әсер етеді. Біздің жағдайымызда мұндай өсім байқалмай отыр. – деді ол.