Жаңалықтар

«Жалғыз өзі болған». Ұшақ апатынан қаза тапқан 13 жастағы бала анасына бара жатқан

«Жалғыз өзі болған». Ұшақ апатынан қаза тапқан 13 жастағы бала анасына бара жатқан
Фото: Oxu.az 26.12.2024 15:34 3734

Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде 13 жастар әзірбайжандық Мухаммедали Фарид оглы Еганов қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жасөспірім Грозныйға жаңа жыл мерекесін атап өтуге анасына бара жатқан. Жеткіншектің қазасы туралы әлеуметтік желіде оның сыныптастары жазды. Баку қаласының Хатай ауданында тұратын Мухаммедали №27 мектепте оқыған. 

Белгілі болғандай, жасөспірімнің анасының ұлты – шешен, әкесі Әзірбайжандағы ірі кәсіпкер – Фарид Еганов. Ұшақ құлағанда оның жанында жақындарынан ешкім болмаған. 

Мухаммедалиді ұшаққа әкесі шығарып салған. 

Бұған дейін ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы тарағаны туралы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға