Жаңалықтар

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды
Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas 16.06.2023 11:02 717

Қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың (14-8) келесі қарсыласы америкалық Джошуа Ван (7-1) болады. Олар 25 маусымда АҚШ-тың Джексонвилл қаласында өтетін UFC on ABC 5 турнирінде кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Sports.kz-ке мәліметінше, «Қорықпайтын» деген лақап атпен өнер көрсететін 21 жастағы америкалық файтер кәсіпқой ММА-да 2021 жылдың қазанынан өнер көрсетеді. Содан бері ол сегіз айқас өткізіп, жетеуінде жеңіске жеткен, біреуінде жеңілген. Бір қызығы, Ван жекпе-жегінің бәрін Fury FC промоушнында өткізіп, ең жеңіл салмақта лига чемпионы атанды.

Джошуа Ван қатысқан кәсіпқой жекпе-жектің бәрі мерзімінен бұрын аяқталған, тіпті үшінші раундқа да жетпеген. Америкалық файтер бес айқасын нокаутпен, екеуін сабмишнмен аяқтаған. Ван кейінгі бес жекпе-жегінде жеңілмей келеді. Кейінгі айқасын желтоқсанда өткізді: өзінің отандасы Кливленд Маклин (17-10) екінші раундта сабмишн жасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға