Жаңалықтар

Жалғас Жұмағұловтың октагонға қашан оралатыны анықталды

Жалғас Жұмағұловтың октагонға қашан оралатыны анықталды
Фото: instagram/zhumagulov_zhalgas 23.09.2024 16:50 392

UFC-дің бұрынғы мүшесі Жалғас Жұмағұлов ММА-дегі үздік лигалардың бірі Octagon-да дебютін өткізбек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір жерлесіміздің қарсыласы да, айқас өтетін күн де белгілі.

Отандасымыз октагонда уэльстік Аарон Эбидің әуселесін байқап көреді. Бұл туралы Alash MMA Warriors-тің Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Жалғастың қарсыласының еншісінде жеңіс те, жеңіліс те бар. Оның айқастарының басым бөлігі төрешілер шешімімен аяқталған. Бұған дейін октагонға Сэм Крисимен шығып, төрешілер бірауыздан жеңісті қарсыласына берген.  Аарон Эби карьерасында 9 рет жеңіліс құшып, 14 рет жеңіп шыққан.

Жалғас Жұмағұлов соңғы айқасын сенімді жеңіспен аяқтады.

Кездесу 9 қарашада Словакияда өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға