Жалғас Жұмағұлов Oktagon-да қарсыласын нокдаунға жіберді

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
10.11.2024 12:01
780
Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Чехияның Oktagon турнирінде дебютін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Братиславада өткен айқаста Жалғас Уэльс өкілі Аарон Абимен кездесіп, қарсыласын бірінші раундта-ақ екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша, үш төреші де оған 10-8 ұпай берді. Осыдан соң Абиді дәрігер тексеріп, жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді.
Екінші раундта Жалғас тағы бір нокдаун ұйымдастырды. Үш раунд нәтижесінде төрешілердің ортақ шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.
Жұмағұлов – Oktagon тарихындағы алғашқы қазақстандық.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада алты әуе рейсі кешіктіріліп жатыр
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті