Жаңалықтар

Жалған модельдік агенттік: Web-Cam арқылы қыздардың интимдік видеосы таратылған

Жалған модельдік агенттік: Web-Cam арқылы қыздардың интимдік видеосы таратылған
Фото: polisia.kz 14.01.2025 15:08 266

ІІМ тергеу департаменті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу фактісі бойынша көп эпизодты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, 2023 жылдың тамыз айында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөліністерімен бес ірі қалада (Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе) Қазақстан мен жақын шетелдердің азаматтары ұсталды.

Олар модельдік агенттіктің атын жамылып, Web-Cam арқылы интимдік сипаттағы материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан. Қылмыстық бизнеске 18 жастан 25 жасқа дейінгі қазақстандық қыздар тартылған. Қылмыстық топтың ақша айналымы үш миллиард теңгеден асқандығы анықталды. Қылмыстық іс бойынша 21 адам күдікті деп танылған. Олардың мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Былтыр  желтоқсан айында осыған ұқсас қылмыстық сызбаның жолы кесілді. Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен аумақтық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің жедел уәкілдері бір мезгілде еліміздің 11 өңірінде аталған қылмысқа қатысы бар 50-ден астам адамды құрықтап, жеткізді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҰҚТ құру және оған қатысу фактісі бойынша жүргізілуде, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға