Жаңалықтар

Жалған медициналық құжат сатумен айналысқан топ қолға түсті

Жалған медициналық құжат сатумен айналысқан топ қолға түсті
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 19.05.2023 22:10 759

Талдықорғанда жалған медициналық құжат сатумен айналысқан топ анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үш азамат медициналық салада алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінгендерді анықтау және оларды кейіннен ұстау прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ұйымдастырған арнайы операция барысында жүргізілді.

Күдіктілерден ондаған ұялы телефон, көптеген банктік және флэш-карталар, компьютерлік техника, қатты дискілер, әр түрлі оқу орындары мен медициналық мекемелердің бірнеше адамдардың атына толтырылған 300-ге жуық біліктілік куәліктері табылды. Еліміздің түрлі өңірлерінен тапсырыстар түскен деп шамалап айта аламыз, - деді Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Ұсталғандарға медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін жалған медициналық сертификаттарды дайындау және сату, клиникалық практикаға рұқсаттар, сондай-ақ біліктілік куәліктерін ұсыну бойынша айып тағылады. Топтың құрамында бағдарламашы, бұрынғы құқық қорғау органының қызметкері және жеке медициналық орталықтың медбикесі болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға