Жаңалықтар

Жалған есептер ауыл шаруашылығын құрдымға жібермей ме? Айдарбек Қожаназаров дабыл қақты

Жалған есептер ауыл шаруашылығын құрдымға жібермей ме? Айдарбек Қожаназаров дабыл қақты
Фото: t.me/mazhilis_kz 31.01.2024 11:28 1077

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Үкімет басшысына ауыл шаруалышығы саласындағы өзекті мәселелерді атап, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Статистикаға қарасақ, әрбір қазақстандыққа, оның ішінде нәресте балаларды есепке алғанда, әр күн сайын жарты кг картоп тұтыну керек екенін білесіз бе? Ал бұл салыстырмалы түрде картоптың отаны Беларусь елінен бірнеше есе көп деген сөз. Құрметті прьемер, мен статистикаға бекер сүйеніп отырған жоқпын, ашығын айтсақ, біздің еліміз картопты 2 есе аз өндіреді. Дәл осындай жағдай басқа да салада кездеседі. Яғни бұл ресми статистика мен шынайы өмірдің сәйкес емес екенінің анық мысалы, - дейді мәжілісмен.

Салалық одақтардың бағалауына сәйкес бидайға қатысты берілген есеп 3 миллион тоннаға артық.

Бәріміз білеміз, 2021 жылы Маңғыстаудан бастап бүкіл оңтүстік батыс өңірлерде қуаңшылық болды. Сол кездегі Ауыл шаруашылығы министрі ауыр жағдайға қарамастан 20,1 миллион тонна астық жиналғанын сүйінші сұрап жеткізгені есімізде. Жекелеген аймақтарда мал басын санағанда анықталған сәйкессіздік 40%-ды көрсетті. Осындай өтірік кімге, не үшін керек?!, - дейді ол.

Жалған есептер еліміздің ауыл шаруашылығы саласын құрдымға жібермей ме?! Барлық деңгейдегі әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар жалған мәлімет беруді әбден үйреніп алды. Былай айтқанда, жеке қосалқы шаруашылықтардың көрсеткіштерін өз бетінше еселеп, статистиканы түрлендіре береді. Ал бұл үшін жауапкершілік мүлдем қарастырылмаған.

Елді жаман әкім тоздырады, жақсы әкім оздырады деген халық даналығы бар. Әрине, әкімдердің арасындағы бәсеке деген жақсы. Бірақ әкімдер нақты атқарылған іспен, нәтижемен жарысып жатса, онда оны құптауға болады. Ал ойдан шығарған сандармен арзан ұпай жинау елге қажет емес. Мұның зиянын бюджетті жоспарлау кезінде көріп отырмыз. Нарықты реттегенде қате шешімдер қабылданады. Бәрін былай қойғанда, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін тас-талқанын шығаратынын баса айтқым келеді, - дейді депутат.

Мемлекет басшысы 2025 жылға ауыл шаруашылық саласының мәліметтерін қайтадан жүйелеу үшін нақты тапсырма бергенін білесіздер. Алайда Статистика бюросы тарапынан тиісті дайындық жұмыстары әлі күнге дейін басталмай отыр.

Жоғарыда айтылған жайттарды ескере келе, депутаттар келесідей қадамдарды ұсынды:

  1. Әкімдіктердің жұмысын бағалау критерийі ретінде қолданылатын өнім көлемі индексі сенімді бизнес көрсеткіштеріге ауыстырылуы керек. Мүмкін кәсіпорындар рейтингін есепке аласыздар;
  2. Әкімдердің жұмысын бағалауды нақты қолдарында тұрған бар құралдарға қарап бекітсе. Мысалы, ауыл шаруашылығы өндірісіне бөлінген жер учаскелері, берілген субсидиялар, жасалған инфрақұрылымдар, тартылған инвестиция көлемі, несиелер көлемін айтуға болады;
  3. Статистикалық есепті мал басын есепке алудың ақпараттық жүйесін, дақылдардың ғарыштық мониторингін, салық және зейнетақы есептеулер, кедендік декларацияларды және электрондық шот-фактуралардың базасын интеграциялау арқылы жүргізу;
  4. Кәсіби фермерлерді, жетекші IT-компанияларды және халықаралық сарапшыларды тартып, жұмыс тобын құру арқылы ақпараттық, әдістемелік және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру керек;
  5. Егер шаруа қожалығы жергілікті әкімдердің сұрауы бойынша өндірілген өнім көлемін ұлғайтып көрсететін болса, оған тиісінше салынатын салық көлемі де ұлғайтылуы қажет;
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға