Жаңалықтар

Жалған ақпаратпен күрес бойынша шара қабылдадық - Сенура Абервайдена

Жалған ақпаратпен күрес бойынша шара қабылдадық - Сенура Абервайдена
Фото: Pixabay 16.04.2025 15:15 460

Meta компаниясының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша реттеу мәселелері жөніндегі директоры Сенура Абервайдена II Орталық Азия медиафорумында медиа саласындағы фактчекинг мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемде 3 миллиард адам біздің компаниямыздың қосымшаларын қолданады. Барлығымыз фактчекинг мәселесіне тап болып жатамыз. Сол үшін 2016 жылы фактчекинг бағдарламасын іске қостық. Оны әлемдегі барлық басқа бағдарламалар секілді даму процесін қадағалаудамыз. Осылайша жалған ақпаратпен күрес бойынша шара қабылдадық. Факттердің тексерілуінен Америка құрама штаттары бас тартты. Бірақ басқа мемлекеттерде бұл бағдарлама жұмыс істейді, -  дейді директор.

Айта кетейік, Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтіп жатыр. Екі күн бойы өтетін панельдік сессияларда Орталық Азия мемлекеттерінің БАҚ-тары үшін жаңа даму мүмкіндіктері мен ынтымақтастық мәселелері, жаһандық медианың дамуы, болашақтың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, жасанды интеллект пен көп деректер кезеңіндегі медианың цифрлық трансформациясы, сондай-ақ ел имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға