Жалдау шарты: ол не үшін қажет?

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
23.08.2022 15:29
1905
Тұрғын үйді жалға беру – ақша табудың кең таралған тәсілдерінің бірі. Алайда, екі тарап үшін де – жалға беруші үшін де, жалға алушы үшін де қарым-қатынасты заңды түрде бекіту арқылы кейбір қауіптердің алдын алуға болады.
Сонымен, жалдау шартын жасасу жалға алушыға келесідей мүмкіндіктер береді:
- жалға берушімен тұрғын үйге келу шарттары мен кезеңділігі туралы келісу;
- сапалы тұрғын үй жағдайларын талап ету – күрделі жөндеу мәселелерін тұрғын үй иесі шешуі керек;
- егер жалға беруші жалдау мерзімі аяқталмай жатып тұрғын үйді босатуды талап етсе, сіз бұған қарсы бола аласыз.
Өз кезегінде, жалға берушінің қызметін ресімдеу:
- оны әлеуметтік тәуекелдерден қорғайды және ЖК ресімдеу немесе БЖТ төлеу кезінде медициналық сақтандыруды пайдалануға мүмкіндік береді;
- айыппұлды болдырмауға көмектеседі (салық төлемегені үшін 15 АЕК айыппұл салынуы мүмкін).
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Сауран көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды