Жалғас Жұмағұловтың кезекті қарсыласы анықталды
Жекпе-жек 19 қарашаға жоспарланып отыр.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz
26.08.2022 00:14
1065
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) кезекті жекпе-жегін кіммен өткізетінін айтты, деп хабарлайды El.kz.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Жалғас Жұмағұлов 31 жастағы америкалық файтер Чарльз Джонсонмен (11-3) кездесу өткізбек. Жекпе-жек 19 қарашаға жоспарланып отыр. Бұл Жұмағұлов үшін UFC-дегі алтыншы кездесу болмақ.
33 жастағы қазақстандық спортшы промоушнде бес жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы биыл UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен ұтылған болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Атырауда әкесі мен баласы суға батып кетті
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары Үлкен Алматы шыңын бағындырды