Жаңалықтар

Жәбірленушілерге өтемақы қорынан 312 млн теңге төленді

Жәбірленушілерге өтемақы қорынан 312 млн теңге төленді
Фото: elorda.info 02.03.2023 11:19 871

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заң 2018 жылдың 1 шілдесінен қолданыста. 2020 жылғы 1 шілдеден бастап Қаржы министрлігі жәбірленушілерге өтемақы төлеуді бастады. Өтемақы – ҚПК-не сәйкес жәбірленуші деп танылған адамға Заңда белгіленген тәртіппен біржолғы ақша төлемі. Қор барлық сотталған адамдардан сот үкімімен өндіріп алынатын мәжбүрлі төлемдер есебінен қалыптастырылады. Қордың мақсаты-қылмыстан материалдық зардап шеккен, бірақ қылмыс ашылмағандықтан немесе кінәлі сот төрелігінен жасырынғандықтан өтемақы алмаған азаматтарды қолдау. Бүгінгі таңда Қаржы министрлігімен 312 млн теңгеден астам қаржы төленді», - делінген хабарламада.

Мемлекеттен көмек алушылар:

- жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші болып табылатын кәмелетке толмағандар, адам саудасы мен азаптауға байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші деп танылған адамдар;

- денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар;

- жәбірленуші қайтыс болған жағдайда жәбірленушінің құқықтары берілген адамдар кіреді. Қылмыстар құрамының айрықша тізімі жоғарыда аталған бапта көрсетілген. Заңға сәйкес оны алушылардың бірі азаптауға байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші деп танылған адамдар болып табылады.

Азаптау құрбандарына өтемақы 30 АЕК немесе 40 АЕК мөлшерінде тағайындалады.

Өтемақы алу үшін жәбірленуші тергеу органына тиісті құжаттарды ұсынуы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға