Жаңалықтар

Жақыныңа жанашыр бол

Қарағандылық ҚХА мүшедері қайырымдылық шараларын ұйымдастырды
Жақыныңа жанашыр бол
20.07.2020 15:02 5450

Елімізде індетке байланысты төтенше жағдай енгізілгелі Қарағанды облысы Ассамблеясы бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жұмыс атқарып келеді. Этномәдени бірлестіктер мен меценаттар клубының өкілдері карантин кезінде аз қамтылған отбасыларға, қарттарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп беріп, материалдық көмек көрсетуде. Соңғы екі апта ішінде жасалған қайырымдылық іс қаншама.

Жақыныңа жанашыр бол

Атап айтсақ, қашанда игі істің бастамашысы болып жүретін Теміртау қаласының «Имсталькон Теміртау» ЖШС бас директоры, меценат Иван Георгиади өз қаражаты есебінен 200-ден астам қызметкерге диагностикалық жұмыс жүргізуге көмек қолын созды. COVID-19-ға тест тапсыру бойынша   57 адамға тестілеуге демеушілік жасап,  1 млн. теңгеден  астам қаражат бөлді. 

Сондай ақ, «НАМУС» әзірбайжан ұлттық мәдени орталығы, «Видергебурт» неміс орталығы» және «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі де аз қамтылған,  көпбалалы отбасыларына азық түлік және материалдық көмектер көрсетіп жатыр.

Оқу жылын қашықтықтан оқыту жүйесімен бастайтынымызды ескерсек, Шет ауданының «Нова-цинк» ЖШС директоры, меценат Сүйіндік Асанның демеушілігімен Ақшатау кентінің жалпы орта білім беретін екі мектебіне 4 500 000 теңгеге компьютерлер берілді.

Осы орайда «Қазақстан-татар-башқұрт конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Шамиль Осиннің Жұмабек ауылындағы мешіт құрылысына демеушілік жасағанын атап кетейік.

Карантин кезінде бір мүддеге ұйыған  Сәтбаев қаласының Достық үйі мен этномәдени бірлестік өкілдері де жұмылып, ауызбіршілік пен ынтымақтың жарқын үлгісін іс жүзінде дәлелдеп келеді.  Әлеуметтік желіде де халықты рухани қолдауға бағытталған шараларын онлайн форматта өткізіп жүр.

Бірлескен күш пен сенімнің арқасында қабырғаны қайыстырған індетті жеңіп шығамыз деген сәулелі үміт алға жетелейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға