Жаңа жылға тақпақтар
Жаңа жылға тақпақтар
07.12.2014 14:19
271859

Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз***Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып,
Ал балалар билейік,
Ойнайық та, күлейік.
Аяз ата қуансын,
Доңғаланып жүрейік.
Көрдің бе Аяз Атаны?
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
Жапалақтап
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман
Қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше Жаңа Жыр.
Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын Жаңа жыл.
Бізге сәлем беріп тұр.
Сәлеміңді қайтейін
конфет жегім келіп тұр.Аяз ата қандайсын,
Сексендегі шалдайсың.
Өтірік сақал қойып ап,
Бізді неге алдайсың?***Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жаңа жылдық тақпақтар
Келесі жаңалық
ШҚО-да қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды