Жаңа үш облыстың автокөлік коды жарияланды
Көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.
22.06.2022 13:21
2113
Жаңадан құрылған үш облыста берілетін автокөліктің аймақтық нөмірлері жарияланды. Бұл туралы Ішкі істер министрлгінің баспасөз қызметі мәлім етті,– деп хабарлайды El.kz.
Министрліктің ақпараты бойынша, көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.
– Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлерлік кодтарын мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19,Ұлытау облысы - 20, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Министрлік ақпаратына қарағанда, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Енді жәрдемақы алатындардың банк шоттары тексеріледі