Жаңаөзенде заңсыз ойынхана анықталды
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
07.07.2022 21:25
1534
Жаңаөзен қаласында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында заңсыз ойынхана анықталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Маңғыстау облыстық ПД криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Шаңырақ» шағынауданынан заңсыз ойынхана анықтады. Тексеру барысында мониторлар, процессорлар, теледидарлар, кассалық және қолма-қол ақша табылып, тәркіленді», - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Аталған дерек Жаңаөзен қаласының Полиция басқармасы АЕК-де тіркелді және жиналған іс-қағаздар процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бас көлік прокуроры лауазымынан босатылды
Келесі жаңалық
Мен үшін ел намысын қорғау аса маңызды – Рыбакина