Жаңалықтар

Жаңа облыстардан Сенат депутаты болғандардың аты-жөні белгілі болды

Сондықтан осы жаңа өңірлер жанама сайлау құқығы негізінде Парламент Сенатындағы өз өкілдерін сайлады.
Жаңа облыстардан Сенат депутаты болғандардың аты-жөні белгілі болды
27.08.2022 03:36 1749

Нұрлан Әбдіровтің төрағалық етуімен 2022 жылғы 24 тамызда өткен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Сенат депутаттарын сайлау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының бьаспасөз қызметі мәлімдеді.

Отырысқа бейнеконференция байланысы режимінде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш жаңа облыс құру туралы Жарлығы күшіне енгеннен кейін, аталған өңірлерде жаңа мәслихаттар жасақталып, аумақтық сайлау комиссиялары құрылды. Сондықтан осы жаңа өңірлер жанама сайлау құқығы негізінде Парламент Сенатындағы өз өкілдерін сайлады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12, 44 және 81-баптарына сәйкес, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау нәтижелері туралы Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындылары анықталды.

Яғни, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Абай облысынан:

Байахметов Бақытжан Кәкенқаджаұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);

Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);

Жетісу облысынан:

Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);

Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);

Ұлытау облысынан:

Медебаев Советбек Тұрсынұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);

Шайдаров Серік Жаманқұлұлы (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне) сайланды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент Сенатының депутаттары алты жылға сайланады. Сонымен қатар, олардың жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға