27 қарашада 12.30-да Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында (Тәуелсіздік көшесі, 57) Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың Татарстан Республикасы мемлекеттік кеңес төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесуі өтеді.
Оның барысында екіжақты келіссөздер мен бірлікті нығайту негізі, сондай-ақ Татарстан мен Қазақстан арасындағы ұлтаралық келісім сөз етіледі деп күтілуде. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік және келісім сарайы мен ҚХА этномәдени бірлестіктердің жұмысы таныстырылып, Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында екіжақты байланыстарды нығайту және кеңейту мәселерін талқылау көзделген.
* * *
Қазақстанда 201,5 мың татар тұрады.
2017 жылғы 25 сәуірден бастап барлық татар-башқұрт этномәдени бірлестіктері «Татарлар мен башқұрттардың қазақстандық конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігіне біріктірілді.
Басқарма төрағасы болып бес жыл мерзімге Каримов Тауфик Акрамович сайланды.
