Жаңалықтар

Ж.Түймебаев: Жастар сырттағы қандастарға үлгі болуы керек!

Ж.Түймебаев: Жастар сырттағы қандастарға үлгі болуы керек!
22.11.2019 16:10 2244

Еріктілер үшін мәдениет нысандарына жеңілдікпен кіруге және өзге де жеңілдіктерге мүмкіндік беретін бірыңғай дисконт-карта енгізу туралы ұсыныс өз шешімін табуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық жастар форумында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.

Ж.Түймебаев: Жастар сырттағы қандастарға үлгі болуы керек!

Жастар жылы өз мәресіне жетіп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы жыл жетістіктерін «From kz» халықаралық форумы аясында қорытындылады. Есепті ақпаратқа сүйенер болсақ, жыл басынан бері жастар қозғалысының ұйымдастыруымен 29 жоба жүзеге асырылып, оған 5 мыңнан астам жастар қатысқан. Өңірлерде 2400 іс-шара өткізіліп, мұнда 200 мыңнан астам адам қамтылған. Жастар қозғалысының белсенділері «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қоғамдық-саяси насихатталуына да бір кісідей атсалысты. Бүгінде бұл ұйым Жастар Конгресі, Ұлттық Дельфий Комитеті секілді республикалық жастар ұйымдарымен қоян-қолтық жұмыс жасауда.

Ж.Түймебаев: Жастар сырттағы қандастарға үлгі болуы керек!

Форумда сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев жастар ұйымының шетелдік әріптестерімен ынтымақтастықта болашақтың достық көпірін салғанын, және халықтық дипломатия институтына айналғанын айтты. Атап айтар болсақ, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы Ресей халық Ассамблеясы Жастарымен Меморандумға қол қойып, Бүкіләлемдік татар конгресімен, Литваның «Миссия Сибирас» экспедициясымен бірлескен жобаларды жүзеге асырды. Жансейіт Қансейітұлы жастарға халықаралық байланыс бағытында жұмыстарды жандандырып, дамытуды тапсырды.

Жастардың бастамашылдығы мен нәтижелі істерін мақтан тұтатынын айтқан Жансейіт Түймебаев жастар белсенділерінің «Арыс, біз біргеміз» атты Ассамблеяның гуманитарлық акциясы аясында елге жанашырлық білдіріп, акцияның жалпыхалықтық сипат алуына атсалысқанын да айтып өтті.

Ж.Түймебаев: Жастар сырттағы қандастарға үлгі болуы керек!

Ассамблея хатшылығының меңгерушісі сондай-ақ, «Social Assembly» республикалық форумында «Жаңғыру жолы» қозғалысының белсенділері көтерген бастамаларды «Еріктілер жылы: ҚХА-ның бес бастамасы» бағдаралмасына енгізуді ұсынды. Олардың ішінде Достық үйлерінің базасында еріктілер қозғалысының орталығын құру, ҚХА порталында волонтерлік жұмыс туралы пайдалы ақпараттар жарияланатын «Qadam» білім беру бөлімін іске қосу, жас әлеуметтік кәсіпкерлер мектебін ашу туралы мәселелер де бар. Жансейіт Қансейітұлы мәдениет нысандарына кіруге және өзге де жеңілдіктерге мүмкіндік беретін еріктінің бірыңғай дисконт-картасын енгізу туралы ұсыныстың да аталмыш бағдрлама аясында өз шешімін табатынын айтты. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы түрлі халықаралық іс-шараларға этномәдени бірлестіктердің қатысуы жөніндегі «Open Qazaqstan» жобасын жүзеге асыру туралы бастамаға да тоқталып өтті.

«Жастар – Қазақстан, жастар – болашақ. Жылдар жылжып өтеді, алайда, біз ғасырлардан кейін Қазақстанды кімге, қандай ұрпаққа аманат ететінімізді осы бастан ойлануымыз керек. Дүниеде түрлі қақтығыстар, алауыздықтар салдарынан бейбіт тұрғындар сан миллиондаған босқынға айналып, әр елдің босағасында жүр. Мен Түркияда елшілік қызметте болған кезімде шекаралас отты аймақтардан қашып келген отбасылардың жағдайын өз көзіммен көрдім. Сондықтан елдің басты байлығы – татулық пен ынтымақты сақтап, еңбек етуіміз керек. Сырт елдерде біздің 5 млн-ға жуық қандасымыз бар. Біз өзіміздің тілімізді, дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дәріптеу арқылы оларға үлгі көрсетеміз. Тілін, дәстүрін ұмытқан адам ұлтын ұмытады», - деген Ж.Қансейітұлы жастарды туған елінің патриоты болу арқылы Қазақстан аумағынан тысқары өмір сүріп жатқан тарихи отандастарына үлгі болуға шақырды. «Қазақстанда тұратын әрбір этностың өзіне тән еңбек дәстүрі бар. Тұрмыстық, ауылшаруашылығында, болмаса бизнесте біз бір-бірімізден үйрене отырып, еңбек түбі берекет екенін дәріптеуіміз керек», - деді Ж.Түймебаев.

Бөлісу:


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.



Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға