29 желтоқсанда сағат 11:00-де елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының Жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтеді.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, жаңа жылдық қайырымдылық шыршасының негізгі мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балаларға көмек көрсету, сондай-ақ оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Жаңа жылдық ертеңгілікке Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, қоғам қайраткерлері, өнер жұлдыздары, елордалық ҚХА Аналар кеңесінің және этномәдени орталықтың мүшелері қатысады деп күтілуде.
