Жаңалықтар

Ж. Түймебаев Грузия, Литва және ТМД елдері дипломатиялық корпус өкілдерімен кездеседі

Ж. Түймебаев Грузия, Литва және ТМД елдері дипломатиялық корпус өкілдерімен кездеседі
17.06.2019 12:12 3570

2019 жылдың 17 маусым күні сағ: 15.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында (вип-конференц залы) Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың Грузия, Литва және ТМД елдері дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуі өтеді.

Іс-шараға Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Украина, Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия мемлекеттерінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері, сондай-ақ Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы үшінші Хатшысы қатысады деп күтілуде.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары, соның ішінде ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы арқылы шетелдік инвесторлармен экономикалық және әріптестік қарым-қатынастарды дамыту, екіжақты іскерлік кеңестерге қосылу, сондай-ақ Ассамблеяның шетелдік достары клубын құру мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға