Жаңалықтар

Жүргізушіні қажет етпейтін көлік адам өмірін қалай өзгерте алады?

Автономды көліктер әлемге қауіпсіз өмір сыйлайды.
29.03.2016 03:23 5676

Жүргізушіні қажет етпейтін көлік адам өмірін қалай өзгерте алады?

Автономды көліктер әлемге қауіпсіз өмір сыйлайды. Бұл технологиялық жетістіктің артықшылықтары туралы молынан жазылуда. Алайда осал тұстары қандай? Соны бірге талдап көрейік.

Жүргізушіні қажет етпейтін көлік адам өмірін қалай өзгерте алады?

Біріншіден, сіздің күнделікті орындайтын шаруаларыңыздың саны едәуір азаяды. Көлігіңіз өздігінен жүре алатын болса, сізге дүкенге баруға немесе балаларыңызды мектепке апаруға қажеттілік болмайды. Тіпті жанар-жағармай туралы ойламасаңыз да болады. Себебі, бүкіл көліктер электрлі әрі тұрған жерінен қуат ала алады. Тіпті дүкенде алған тауарларыңызды роботтар жеткізетін болады. Бұл технологиялық дамудың теріс жағы – әлем бойынша миллиондаған жеткізуші қызметін атқаратындар жұмыссыз қалады.

Жүргізушіні қажет етпейтін көлік адам өмірін қалай өзгерте алады?

Екіншіден, көлік тұрағымен ешқандай мәселе болмайды. Көлік өз иесін керек жерде қалдырып кетіп, өзі арнайы белгіленген кең алаңда орын тауып, тұрақтайтын болады. Бұрынғыға қарағанда көліктер бір-біріне тығыз тұрақтап, өзге көліктерге орын қалдыратын мүмкіндікке иеленеді. Бір кемшілігі, көлік иесі темір тұлпарының ішінде ұмытып кеткен затын алу үшін біраз қиналатын болады. Себебі, көлік бос тұрақ іздеп алысқа кетіп қала алады.

Жүргізушіні қажет етпейтін көлік адам өмірін қалай өзгерте алады?

Үшіншіден, сіз көбірек қозғалатын боласыз. Электрлі көліктерден қаладағы ауа ластанбай, серуендеуге жағдай жақсаратыны сөзсіз. Мысалы, кешкілік ресторанға жаяу барып ас ішсеңіз, қайтар жолда көлігіңіз алып кете алады. Бір кемшілігі, бүкіл бұйрықтарды орындайтын көлігіңіз болғанда жаяу жүруіге ниетіңіздің болатыны екі талай.

Жүргізушіні қажет етпейтін көлік адам өмірін қалай өзгерте алады?

Төртіншіден, сізге тіпті жеке көлік сатып алудың қажеттілігі болмайды. Мысалы, қазір көліктің ішінде сіз уақытыңыздың 5%-ын өткізесіз (көлікті от алдыру, көлікті тұраққа қою және т.б.). Бұл өміріңіздің тым үлкен бөлігін құрайды. Ендігі кезекте сіз көлікті жалға ала алатын боласыз. Яғни қажет кезде көлікке тапсырыс бересіз және жүрген қашықтығыңызға байланысты ақысын  төлейсіз. Көлік сізді белгілеген орныңызға жеткізіп, кетіп қалады. Кемшілігі: көліктің ішінде ешқандай нәрсе қалдыруыңызға болмайды, тіпті спорттық сөмкеңізді жұмысқа бірге алып кіруіңіз керек болады.

Жүргізушіні қажет етпейтін көлік адам өмірін қалай өзгерте алады?

Бесіншіден, кептелісте әдеттегіден көп тұруыңыз мүмкін. Көлік жүрісі кезінде жұмысыңызды істеп немесе балаларыңызбен ойын ойнай алсаңыз, бұл уақытыңыздың зая кетпегені. Десек те, жол бойында дүкеннен сіздің шайыңызға сүт немесе кәмпит тасып бара жатқан роботтар саны көбейіп, бұрын соңды болмаған кептеліс орнайды.

Жүргізушіні қажет етпейтін көлік адам өмірін қалай өзгерте алады?

Алтыншыдан, сіз көбірек жұмыс істейтін боласыз. Артық уақыттың пайда болғанына қуанып, электронды жәшігіңіздегі хаттарға жауап беріп, ұялы телефонмен бар мәселелерді шешіп отыратын боласыз. Алдын-ала деректер бойынша автономды көліктер жолаушыларының 6-12% көлікте шайқалудан зардап шегетін болады. Сондықтан өзіңізді көп қинамай, көлік жүрісі барысында ұйқтап, серігіп алғаныңыз абзал.

Жүргізушіні қажет етпейтін көлік адам өмірін қалай өзгерте алады?

7. Көлікке кез-келген жағдайда отыра аласыз. Сіз жарақаттанған немесе шаршаған кезде көлікті қауіпсіз жүргізу мәселесі туындайтыны анық. Ал автономды көлік бұл мәселелерді шешіп қана қоймай, мүгедек адамдарға да үлкен көмегін тигізер еді. Соған қоса, жасы кәмелетке толмаған жастарға көлікке отыруға мүмкіндік туатын еді.  Автономды көліктер жылдамдық шектеуінен мүлдем аспайтындықтан, ата-аналар балаларына еш алаңсыз бола алады. Бір кемшілігі, көлікті жеке айдау мүмкіндігі көпшілік үшін қуаныш сезімін сыйлайды, ал автономды көліктермен ол туралы ұмытуымызға тура келеді.


Айсауле Нурлыбек

 Дереккөз: bbc.com

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға