Жаңалықтар

Жүрегімде мәңгі сенсің – Астанам!

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
26.09.2016 05:35 2808

Елорда күнін атап өту қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде қаламыздың ең кішкентай тұрғындарына «Жүрегімде мәңгі сенсің – Астанам!» мерекелік кеші өтті.

Жүрегімде мәңгі сенсің – Астанам!

Аталмыш шара осымен оныншы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қалалық Білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен біріге отырып Астана күніне орай балалар мерекесін ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған. Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы —  балаға, бала тәрбиесіне, отбасы, үйдегі тәрбие мен бала мен ана мәселесіне тікелей қатысты екені айтылады. «Бала заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Шараның тағы бір мақсаты — Елбасының Жолдауын ондағы бала құқығы мәселесін түсіндіруге бағытталып отыр. 

Қала күніне орай ұйымдастырылатын кнцерт осымен оныншы жыл бүлдіршіндерге жақсы көңіл-күй сыйлап келеді. Бұл жылы мерекелік іс-шара № 53 «Мерей» балабақшасының ұжымымен бірлесіп дайындалған. Мерекеге Білім басқармасының әдіскерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, балабақшаның тәрбиеленушілері мен ата-аналары қатысты.

 Жүрегімде мәңгі сенсің – Астанам!

Ботагөз Қайыпова, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары:

— Астана күнінің қарсаңында музейімізде игі дәстүрге айналған іс-шаралардың бірі осы концерт болып табылады. Бүлдіршіндер мен олардың ұстаздары бұл кешке алты ай бойы дайындалып келді. Балаларымыз үш тілде Астанаға және Елбасына деген өздерінің құттықтауларын осындай мерекелік концерт арқылы жеткізеді. Мерекелік бағдарлама ертегі персонаждарымен байланыстырылып ұйымдастырылуда. Сондай-ақ кішкентай бүлдіршіндер Елбасына арнап өздерінің жазған өлеңдерін оқыды.

Жүрегімде мәңгі сенсің – Астанам!

Мұндай шаралардың маңыздылығы — бүлдіршіндер Астанада өтіп жатқан тарихи оқиғалардың бір бөлшегі екенін сезіндіреді. Бұл жылы өтетін мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралардың аясында өтуде.

Жүрегімде мәңгі сенсің – Астанам!

Мереке барысында әдеби-сазды композициялар, сахналандырылған көріністер, би қойылымдары көрсетілді. Бұл еліміздің Астанасына арналған балалардың көңілді, жарқын, қуанышты күлкілері мен шаттыққа толы дауыстарымен есте қалар мереке болды. Келген ата-аналар үш тілде таза сөйлеген балаларын көріп, кеуделерінде мақтаныш сезімі ұялады. Кеш соңында барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар беріледі.


Рустем ӘЛПИ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға