Жаңалықтар

Жүкті әйелдерге қарау екі есе жауапкершілікті талап етеді – дәрігер

Жүкті әйелдерге қарау екі есе жауапкершілікті талап етеді – дәрігер
17.06.2022 17:15 3088

Елордадағы №11 қалалық емхананың жүкті әйелдерді бақылау терапевті Айжан Абдуаева мерекеге орай өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz 

– Бүгінгі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, емханамыздың басшылығына алғысымды білдіргім келеді. Жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Емханада қызмет ететін ұжымның әрбір мүшесі бір-бірін сыйлап, науқастарды емдеу үшін аянбай қызмет етіп келеді. Жыл сайын дәрігерлердің жалақысы көбейіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда, - дейді Айжан Абдуаева. 

Жүкті әйелдерге қарау екі есе жауапкершілікті талап етеді – дәрігер

Айжан Абдуаевның медицина саласында жүргеніне биыл 25 жыл толды. Қазіргі таңда 300-ден аса жүкті әйел жеке бақылауында.

– Жүктілік кезеңі ана үшін ғана емес, оған жіті бақылау жүргізетін дәрігер үшін де аса маңызды кезең. Ана мен құрсақтағы сәбидің денсаулығында қандай да бір кінәрат бола қалса, дәрігердің шұғыл түрде шешім қабылдауына тура келеді. Сондықтан, екі адамның өмірі үшін күресетін кездер де болады, - дейді Айжан Абдуаева. 

№11 емханада тіркелген Назгүл Тұрдыбек есімді жүкті әйел дәрігерге деген өз алғысын білдірді. «Қазіргі таңда осы емханада жүктілігім бойынша бақылаудамын. Дәрігер Айжан ханымға айтар алғысым шексіз. Қабылдауына келген сайын барлық ақпаратты беріп, мұқият түсіндіреді. Кез келген жағдайда көмек көрсетуге даяр тұрады», - дейді Назгүл Тұрдыбек.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға