Жаңалықтар

Жүк пойызы 120-дан астам қойды қағып кетті

Оқиға 12 қыркүйек күні болған.
Жүк пойызы 120-дан астам қойды қағып кетті
Фото: stan.kz 13.09.2022 02:30 1462
Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.

Департамент мәліметінше, оқиға 12 қыркүйек күні сағат 01:24-те Алматы облысының "Жетіген-Құрөзек" аралығында болған.

- Жүк пойызының машинисі темір жолдан өтіп бара жатқан бір отар қойды байқап, дереу тежегішті басқан. Соған қарамастан 530 бас қойдың 123-ін пойыз басып кетті. Пойыз 13 минут тоқтап тұрды, - деді Көліктегі ПД бастығы Оңал Бекеев.

Оның айтуынша, оқиға орнына Алтынкөл станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетті. Жүргізілген іс-шаралар барысында малдың иесі анықталды. Ол Алматы облысы Туғанбай ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға