Жаңалықтар

Зейнеткерлерден ақша алған «курьерлер» ұсталды

Зейнеткерлерден ақша алған «курьерлер» ұсталды
Фото: © Polisia.kz 15.08.2023 00:17 479

Ақмолалық зейнеткерлерден ақша алған дроппер елордада қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бір күнде астаналық азамат Степногорск қаласында тұратын үш зейнеткерді алдап, ақша алып үлгерген.

Ақмола полицейлері «курьерді» Астана қаласындағы тұрғылықты жерінен ұстады.

12 тамызда Степногорск қаласының полиция басқармасына алаяқтық фактілері бойынша бірден үш өтініш түсті. Барлық жағдайда 70 және 83 жастағы зейнеткерлер жәбірленуші болып шықты. Өтініш берушілердің айғақтары да ұқсас болды: белгісіз адамдар қоңырау шалып, балалар жол-көлік оқиғаларына тап болды деп хабарлағаннан кейін, алаяқтар мәселені шешу үшін белгілі бір мөлшерде ақша сұраған. Ал қарт адамдар ойланбастан жинаған ақшасын берген.

Екеуі 1 млн теңгеден, үшіншісі алаяқтарға 1,2 млн теңге берген.

Ұсталған адам бұл ақшаны алып, содан кейін аталған шоттар бойынша алаяқтарға аударып, пайызын алып қалған.

Тергеу барысында анықталғандай, дроппер қылмыс жасап жатқанын білсе де, ақшаны қайдан және қай уақытта алуға болатындығы туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды өзінің жұмыс берушісінен алған.

Барлық үш фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға