Зейнетақы жинағы. Жақын туыстарға тағы бір мүмкіндік беріледі
Елімізде зейнетақы аннуитеті бойынша құрметті демалысқа шығу жеңілдей түсті.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
01.10.2022 07:39
2272
Елімізде зейнетақы аннуитеті бойынша құрметті демалысқа шығу жеңілдей түсті. Өйткені бұдан былай ерлі-зайыптылар мен жақын туыстар зейнетақы жинағын біріктіре алады, деп хабарлайды EL.KZ.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мәрия Хаджиеваның айтуынша, қазір ресми зейнетке шығу жасын күтпей-ақ, аннуитет бойынша ерлер 55 әйелдер 52 жасында зейнеткер атана алады. Бірақ ол үшін шотта жеткілікті қаржы болуы керек.
Енді жаңа норма бойынша ерлі-зайыптылар мен туған-туыстар жетпей тұрған қаржысын артылып жатса, бір-бірінің шотынан алып, аннуитет бойынша құрметті демалысқа ертерек шыға береді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
"Дикийдің" қылмысына қылмыс жамалды