Жаңалықтар

Зеренді ауданында «Қоғамның рухани тәрбиесі-отбасынан» атты облыстық конференция өтті

Зеренді ауданында «Қоғамның рухани тәрбиесі-отбасынан» атты облыстық конференция өтті
26.07.2018 09:46 2348

Ағымдағы жылы Зеренді ауданында «Қоғамның рухани тәрбиесі-отбасынан» атты облыстық конференция өтті. Бұл отбасылық конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Отбасы әлемі» жобасын жүзеге асыруда облысымызда бірінші рет өткізілді. Шара облыстық ішкі саясат басқармасы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен «Шаңырақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. Сонымен қатар бұл іс шараны өткізуге «Шаңырақ» әлеуметтік психологиялық және зерттеу орталығы, «Ана үйі» қоғамдық қоры, Зеренді ауданының әкімдігі және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» белсене атсалысты.

Зеренді ауданының Аналар кеңесінің төрайымы Күләш Рақымжанова Мәдениет үйінің алдында құрылған қос киіз үйдің алдында келген қонақтарды қарсы алды. Баратай және Қошқарбай ауылдарының бала асырап алушы отбасылары  ұлттық құндылықтарды насихаттауда, салт-дәстүріміздің үлгісін көрсетуде барын салды. Ал Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жаныныдағы «Аналар кеңесінің» мүшесі, қолөнер шебері Кенжебай Смағұл жүн сабаудан шеберлік сағатын өткізіп, өз қолымен жасаған сырмағы мен түскиізін көрсетті. Іс-шара бала асырап алған ата-аналарды марапаттаумен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға