Жаңалықтар

Әзербайжан мен Армения арасы шиеленісе түсті

Бұл жайында қос елдің Қорғаныс министрліктері хабарлайды. 
Әзербайжан мен Армения арасы шиеленісе түсті
Фото: ашық дереккөзден 16.09.2022 03:39 1637

Армения мен Әзербайжан шекарасындағы қарулы қақтығыс кезінде екі жақтан 150 адам көз жұмды, деп хабарлайды EL.KZ. 

Бұл жайында қос елдің Қорғаныс министрліктері хабарлайды. 

Бірнеше күн бұрын арадағы шекарада атыс болып, жағдай шиеленісіп кеткен еді. Тараптар бұл үшін бірін-бірі айыптап отыр. Кеше кешке екі жақ оқ атуды тоқтату туралы келісімге келген. Ал өңірдегі жағдайды бағалау үшін Арменияға Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының миссиясы аттанды.

Естеріңізде болса, Қорғаныс министрі біздің елден бұл қақтығысқа ешқандай сарбаз бармайтынын айтқан. Сонымен қатар, осы мәселеге қатысты Армения тарапының бастамасымен ҰҚШҰ-ның кезектен тыс отырысы өтіп, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде қатысқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға