Жаңалықтар

Зеленскийге Түркияға шабуыл жаса деген депутатқа қатысты AMANAT партиясы пікір білдірді

Зеленскийге Түркияға шабуыл жаса деген депутатқа қатысты AMANAT партиясы пікір білдірді
Фото: facebook.com/Анна Башинская 02.05.2023 17:13 2088

Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға кеңес берген Анна Башинскаяның әрекетіне қатысты Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Анна Башинскаяның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді. «AMANAT» партиясы өзге елдердің саясатына араласпайды. А.Башинская абайсызда қателікпен жазылған пікірі үшін өз тарапынан кешірім сұрады. Дегенмен, айтылған сөздің ауыртпалығы мен оның саяси астарын ескере отырып, бұл мәселені партия бей-жай қалдырмайды, -дейді Станислав Канкуров.

Ол мәселені тез арада партияның тиісті құрылымдарында қарастыратын боламыз. Әрбір жергілікті мәслихат депутаты өзі тұрып жатқан мемлекеттің мүддесін басты орынға қоюы тиіс деп айтты.

Бұған дейін Алматы қалалық мәслихатының сегізіші шақырылымының депутаты Анна Башинская Украинаның Қырымды өз бақылауына қайтарғысы келетіні туралы екіұшты пікір білдірген болатын.

Зеленский мырза, одан да Түркияға шабуыл жасаңыз. Ол жақты жыл бойы ауа райы жылы болады, – деп пікір қалдырды Башинская Deutsche Welle парақшасында жазба астында.

Кейін ол тағы бір пост жариялап, жоғарыдағы сөзі үшін барлығынан кешірім сұрады.

Мен Украина президентінің Facebook-тегі Deutsche Welle мәлімдемесіне терең ойланбай түсініктеме жазыппын, Түркия туралы жазғанда да мен мүлде олай айтқым келген жоқ.Бауырлас түрік халқынан кешірім сұраймын! Мен Украина мен Ресей халықтарына тек бейбітшілік тілеймін. Кешіріңіздер, бұл – менің қателігім. Бұл жағдайға пікір айтуға құқығым жоқ, біздің өз еліміз бар, мен депутат ретінде ең алдымен оның амандығын ойлауым керек, - деді депутат. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға