Жаңалықтар

Зеленский президент сайлауын өткізуді жоспарлап отыр

Зеленский президент сайлауын өткізуді жоспарлап отыр
Фото: facebook.com/zelenskyy.official 30.03.2025 19:40 1494

Украина президенті Владимир Зеленский сайлауды мүмкіндігінше тез өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы The Economist-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басылым мәліметінше, өткен аптада Украина президенті кеңес өткізіп, командасына атысты толық тоқтатқаннан кейін дауыс беруді ұйымдастыруды тапсырған. Алдын ала болжам бойынша, бұл сәуір айының соңына қарай жүзеге асуы мүмкін.

Зеленский жылдам сайлау кампаниясын ұйымдастыру арқылы бәсекелестіктен құтылуға тырыспақ, - делінген жазбада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға