Зеленский өзін биліктен кетіргісі келетіндерге жауап берді

Фото: X(Twitter)/@APUkraine
Фото: X(Twitter)/@APUkraine
03.03.2025 14:57
743
Украина президенті Владимир Зеленский өзін тақтан тайдырғысы келетіндерге жауап берді. Оны алмастыру оңай болмайтынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сайлауды жай өткізе салу аздық етеді. Ол үшін менің қатысуыма жол бермеу керек. Ал бұл әлдеқайда қиын болары сөзсіз. Себебі менімен келісу керек, - деді Зеленский.
Зеленский Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздерге қатысты пікір білдіріп, екеуара қарым-қатынас әрі қарай дамитынына сенімді екенін алға тартты. Одан бөлек ол АҚШ-пен сирек кездесетін металдар бойынша келісімге қол қоюға дайын екенін жеткізді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
АҚШ президенті 4 наурызда маңызды мәлімдеме жасамақ