Жаңалықтар

Зеленский 30 күндік шұғыл бітім жариялауды ұсынды

Зеленский 30 күндік шұғыл бітім жариялауды ұсынды
Фото: instagram.com/zelenskiy_official 29.04.2025 09:56 356

Украина президенті Ресейдің уақытша оқ атуды тоқтату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Владимир Путин Жеңіс мерейтойына орай бітім жариялайтынын хабарлаған еді ­– 8 мамыр түнгі 00:00-ден бастап 11 мамыр түнгі 00:00-ге дейін.

Зеленский бұл ұсынысты «манипуляция жасау әрекеті» деп атап, Украина наурыз айында-ақ АҚШ ұсынған толық оқ атуды тоқтату бастамасын қолдағанын еске салды. Оның айтуынша, атысты тоқтату үшін 8 мамырды күтудің қажеті жоқ.

Біз парадтарды емес, адам өмірін бағалаймыз. Бітім дереу, толық және сөзсіз жариялануы керек — ең аз дегенде 30 күнге. Бұл — шынайы дипломатияның негізі, — деді Зеленский.

Бұған дейін Путин 19 сәуір күні сағат 18:00-ден 21 сәуір түнгі 00:00-ге дейін пасхалық бітім жариялаған болатын. Сол кезде де екі тарап бір-бірін келісімді бұзды деп айыптаған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға